Алматыда ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған отырыс өтті

АЛМАТЫ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматы қаласы Медеу аудандық әкімі аппараты ҚР Президентінің мұрағатында «Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясына 15 жыл: Негізгі заң - демократиялық реформалардың негізі» атты отырыс өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын Конституциямыздың 15 жылдығына арналып отыр. Шараның мақсаты демократиялық Қазақстанды құрудағы жетістіктеріміз бен Конституция күніне деген құрметімізді білдіруге бағытталған.

«Конституция елдігімізді, бірлігімізді сақтаудағы ең басты құрал. Оған біздің құрметіміз әрқашан биік. Бүгінгі отырысымыз да соның дәлелі», деді Медеу аудандық әкімінің орынбасары Берік Мұстафин.

Отырысқа ғалымдар, қоғам белсенділері мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, саяси партия өкілдері және тағы басқа да белгілі тұлғалар қатысты.

Шара барысында «ҚР Конституциясына 15 жыл» және «ҚР-дағы Президент институты: тарих және қазіргі уақыт» тақырыптарында көрмелер ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар