Алматыда ҚР Президенті бәйгесі үшін ат жарыс өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2018 жылдың бәйге маусымы жалғасуда. Жексенбі, 16 қыркүйек күні Алматы республикалық ипподромында Қазақстан Республикасы Президенті бәйгесіне ат жарыс өтеді, деп хабарлайды Ақпараттық-спорт хабы.

Ат жарыстың оныншы күні маусым аясында 11 бәйге өтеді:

1. «Күзгі» бәйге, 2 жасар биемен, 2 топ (1600 м)

2. «Күзгі» бәйге, 2 жасар биемен, 1 топ (1800 м)

3. Қазақстан Республикасы Президентінің бәйгесі, 3 жасар және одан да үлкен жылқылармен, 1 топ (2400 м)

4. «Алматы Ипподромының» бәйгесі, 3 жасар және одан да үлкен жылқылармен, 2 топ (2400 м)

5. «Майлерлер» кубогы, 3 жасар және одан да үлкен жылқылармен, 1 топ (1600 м)
6. «Қазақстан аруы» бәйгесі, 3 жасар және одан да үлкен жылқылармен, 1 топ (2400 м)
7. «Ulttyq Qazyna» бәйгесі, ҚР-да туған 3 жасар және одан да үлкен жылқылармен, 1 топ (2000 м)
8. «Гран Критериум» бәйгесі, 2 жасар және одан да үлкен жылқылармен, 1 топ (1000 м)

9. «Алматы қаласы Жетісау ауданының» бәйгесі, ҚР-да туған 2 жасар және одан да үлкен жылқылармен, 3 топ (1600 м)
10. «Мелекуша» бәйгесі, 2 топ, ҚР-да туған ақалтеке тұқымы, 3 жасар және одан да үлкен жылқылармен (1600 м)

11. «Насима» бәйгесі, 1 топ, ҚР-да туған араб тұқымы, 3 жасар және одан үлкен жылқылармен (1600 м)

Бәйгелер арасындағы үзілісте понимен дәстүрлі бәйге өтеді. Қолөнер жәрмеңкесі де ұйымдастырылмақ. Ипподром аумағында дәмхана жұмыс істейді.

2018 жылғы маусымда Алматы республикалық ипподромында 350 бас жылқы 12 күн бойы сынақтан өтеді.

Шара сағат 12:00-де өтеді, кіру - тегін. 

Соңғы жаңалықтар