Алматыда ҚР Президентінің кубогі үшін жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтеді
АЛМАТЫ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Сәуірдің 25-30 аралығында Алматыдағы "Футбол Ленд"спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Биылғы кубок жолындағы жарысқа 8 топ қатыспақ. Алғашқы кезеңде командалар 2 топқа бөлініп, оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады. Атап өтерлігі, турнирге 1993 жылдан кейін туған жасөспірімдерден құралған командалар ғана қатыса алады.Алдын-ала белгілі болғанындай, А тобында ЦСКА (Мәскеу, Ресей), Спартак (Мәскеу, Ресей), Абдыш-Ата (Кант, Қырғызстан), Академия (Баку, Әзірбайжан), Б тобында Оле Бразил (Сан-Пауло, Бразилия), АДО Ден Хааг (Гаага, Нидерланды), Рубин (Қазан, Ресей) өнер көрсетеді. Ал Қазақстан намысын қорғайтын Семейдің Семей-93 командасы Б тобында сайысқа түспек.