12:17, 24 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Алматыда ҚР Президентінің жүлдесі үшін ерлер арасында дзюдодан Әлем кубогының жарысы өтеді
АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қыркүйектің 25-і мен 26-сы күндері Алматыда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін ерлер арасында дзюдодан Әлем кубогының жарысы өтеді. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше,
Қазақстанда тұңғыш рет өткізілетін бұл додаға Азия мен Еуропадан кіл мықты дзюдошылар қатысады. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындағы боз кілемнің төрінде 20-дан астам елдің спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Аталмыш халықаралық жарыс 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу бойынша есептік ұпай беретін кезеңдік лицензиялық жарыс болып табылады.