Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті қорының грант иегерлері концерт берді
АЛМАТЫ. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда ҚР тұңғыш Президенті қоры конкурстарының лауреаттары мен грант иелерінің «Жүректі тербеткен көктем» атты концерті өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Концертте Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның концертмейстері, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы шығармашыл жастар кеңесінің төрағасы, «Рухани Қазына» қоғамдық қорының төрайымы Гауһар Тасбергенова, Абай атындағы Мемлекеттік академиялықопера және балает таетрының солистері Мейір Бәйнеш, Жұпар Ғабдулина, Медет Шотабаев, Дина Хамзина, дирижер Нұржан Байбосынов өнер көрсетті. Концертте М.Глинканың, С.Рахманиновтың, Ғ.Жұбанованың, А.Варламованың шығармалары, Абайдың «Айттым сәлем қаламқас» әні және танымал опералардан ариялар орындалды.