Алматыда кросс-кантриден Қысқы біріншіліктің екінші кезеңі өтеді

АЛМАТЫ. 22 ақпан. ҚазАқпарат  - Алматыда 26 ақпан күні  Орталық саябақтағы «Спартак» стадионында «Алматы» велоклубының ұйымдастыруымен кросс-кантриден Қысқы біріншіліктің екінші кезеңі өтеді.

Алматыда  кросс-кантриден Қысқы біріншіліктің  екінші кезеңі өтеді

Шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындар арасында велоспортты, оның ішінде, кросс-кантриді дамыту болып табылады. 

Жарысқа  әуесқой және кәсіпқой 100-ге жуық спортшылар, сондай-ақ  «Алматы» велоклубының мүшелері қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа барлық тілек білдірушілер қатыса алады. 

Көремін деушілерге кіру тегін.