15:14, 07 Қаңтар 2012 | GMT +5
Алматыда «КСРО кезеңіне терезе» атты көрме ашылды
АЛМАТЫ. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «Әдемі-Ай» Өнер үйінде «КСРО кезеңіне терезе» атты көрме ашылды.
Коммунистік халықтық партияның ұйымдастыруымен ашылған көрмеге өткен ғасырдың 40-90 жылдар аралығында дүниеге келген кеңестік Қазақстан қылқалам шеберлерінің 35-тен аса туындылары қойылған.
Көрме жұмысы қаңтардың 13-не дейін жалғасады.