Алматыда құлаған ағаштың астында қалған әйел көз жұмды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құлаған ағаштың астында қалған әйелдің өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда құлаған ағаштың астында қалған әйел көз жұмды

Қайғылы оқиға Шацкий көшесінде болған. Ағаш әйел мен 5 баланың үстіне құлап кеткен.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқыс оқиғадан медициналық көмекке 4 адам жүгінген.

«Түрлі жарақат алған бір бала ауруханаға жатқызылды. Қалған екі баланы дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберді. Әйел N 4 қалалық клиникалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Өкінішке орай, оның өміріне дәрігерлер араша түсе алмады»,- деді баспасөз қызметінен.