Алматыда Күләш Байсейітованың 100 жылдығына арналған кеш өтеді

Бұл туралы аталмыш театрдың баспасөз қызметінен хабарлады.
Концертке Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншілері мен балет бишілері қатысады.
«Қазақтың бұлбұлы" атанған Күләш Байсейітова (1912-1957 жж.) Алматыда дүниеге келген. 1925-1928 жылдары Алматы педагогикалық техникумында және Қазақ драма театры жанындағы музыкалық-драмалық студияда оқыған. К.Байсейітова - қазақ опералық өнерін қалаушылардың бірі. Бірінші рет қазақ сахнасында ол классикалық опералардағы - Баттерфляй (Дж Пуччинидің "Чио-Чио- Сан"), Татьяна (П. И.Чайковскийдің "Евгений Онегині") тағы басқа партияларды орындады. Күләш Байсейітова - әйгілі әнші ғана емес, сирек сахналық талант иесі, ол жасаған бейнелер әртүрлі мінездемелердің біртұтас галереясын құрады. Дарын иесі М. Әуезовтың музыкалық комедиясындағы Айманды, «Еңлік - Кебек» қойылымындағы Еңлікті, И. В. Коцыктың "Айман-Шолпанындағы" Айманды, «Үйлену» қойылымындағы Агафья Тихонованы, сонымен қатар, Е. Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібек" қойылымында Жібекті және тағы басқа көптеген бейнелерді сомдады.
Алматыда тума талант иесі атында көше мен музыкалық мектеп бар.