Алматыда «Күмбірлеген Қонаевтың домбырасы» деп аталатын өнер сайысы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда студенттер мен оқушылар арасында «Күмбірлеген Қонаевтың домбырасы» деп аталатын өнер сайысы өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев мұражайында ұйымдастырылған бұл шараға 58 үміткер қатысуда. Оларға Ықылас Дүкенұлы атындағы халық саз аспаптары мұражайын 10 жылдан астам уақыт басқарған, күйші, сазгер Ізбасар Балтағұлов бастаған қазылар алқасы: әнші, сазгер К. Сәрсенова, әнші Т. Бурмистрова мен Д. Қонаев мұражайының бас қор сақтаушысы Г. Бекмұратова төрелік жасауда.Д. Қонаев мұражайының директоры Болысбек Батталхановтың айтуынша, бұл сайыс ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 1994 жылы ақпанның 24-інде қабылданған «Д.А. Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру туралы» қаулысының 15 жылдығына орайластырылып отыр. Бұл шара енді дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда.
Соңғы жаңалықтар