Алматыда күн сайын КВИ-ге қарсы шамамен 3000 адам егіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тәуліктік өсімнің 1,0%-дан 0,6%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда күн сайын КВИ-ге қарсы шамамен 3000 адам егіледі

Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн баспасөз-конференциясында мёлімдеді.

Оның айтуынша, тәуліктік өсім деңгейі төмендегенмен, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша қала қызыл аймақта қалуда.

«Жыл басынан бері КВИ –дің 137,2 мың жағдайы, тамыз айында- 46,9 мың жағдай тіркелді, қыркүйек айының басынан бастап 8 916 жағдай тіркелді.

Ағымдағы жылдың 25 тамызынан бастап эпидемияның төртінші толқыны төмендеуімен эпиджағдайдың тұрақтануы байқалады (covid-19 «үнділік« нұсқасына байланысты). Қала тұрғындары арасында ауру жағдайларының 25 тамыздан 1605-тен 08 қыркүйекте - 976 дейін төмендеуі тіркелді. Бұл төмендеу бүгінде Алматы қаласы халқының 46% - дық иммундық қабатының қалыптасуымен байланысты» деді спикер.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта күн сайын КВИ - ға қарсы шамамен 3 мыңнан астам адам егіледі, бұл бір ай бұрын күнгі көрсеткіштен әлдеқайда аз. Бүгінгі күні 1 компонентпен вакцинациямен қамту 45% – ды (899784 адам), 2 компонентпен қамту-39% - ды (779 870 адам) құрады, бұл қалада індеттің таралуын тәулігіне 900 -1000 жағдай деңгейінде ұстап тұр.