Алматыда «Күнгей» базарында өрт болды

ТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматының Түркісіб ауданында орналасқан «Күнгей» базарында 27 қыркүйекте 23 сағат 07 минутта қойма бөлмесінен өрт шықты.
None
None

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт 28 қыркүйек күні 01 сағат 12 минутта ауыздықталды. Жалынды сөндіруге Алматы қаласы ТЖД жеке құрамының 51 адамы мен 15 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Өрт 100 шаршыметр аймақты шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар