Алматыда күніне 500 адамды қабылдайтын заманауи жаңа емхана ашылды

АЛМАТЫ. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Бұл Алматыдағы 29-шы емхана болып отыр. Қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін №24 қалалық емхананың ашылу рәсімінде осылай айтты.

Алматыда күніне 500 адамды қабылдайтын заманауи жаңа емхана ашылды

«Күніне 500 адам қабылдайтын бұл емхана 37 мың тұрғыны бар шағынауданға арнап салынған. Оған жергілікті және республикалық бюджеттен 1 млрд. 100 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Заман талабына сай қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ол қазіргі таңда шаһардағы ең үлкен емханалардың бірі болып отыр», - деді А.Есімов.

Қала басшысының айтуынша, мұнда 308 медициналық қызметкер жұмыс жасауда. Аудан тұрғындары барлық кәсіби медициналық қызмет түрлерін пайдаланатын болады.