Алматыда құны 65 млн теңге тауарды шекарадан заңсыз алып өтпек болған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құны 65 млн теңге болатын тауарды шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жалпы салмағы 52 тонна болатын контрафактілік өнімнің құны 65 млн теңгеден асып кеткен.

Қытайдан 2692 жейде, 816 джинсы шалбар, 4832 куртка, 480 қалың куртка Қазақстандағы екі кәсіпорынға жеткізілуі тиіс болған. 

Айта кету керек, Қазақстанда бір ЖШС осындай контрафактілік өнімді тасымалдағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған еді.

Қазір аталған дерекке қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар