Алматыда қураған шөп өртеніп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алатау ауданында жалпы аумағы 1000 шаршы метр болатын құрғақ шөп өртеніп, жеке үйге жақын орналасқан шаруашылық құрылысына тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өжет» және «Шалкөде» ықшамауданында жалпы көлемі 1000 шаршы метр болатын құрғақ шөп өртенді. Өрт жеке үйге жақын шаруашылық құрылысына тарады. Оны жоюға 7 техника мен жеке құрамнан 20-дан астам қызметкер жіберілді. Өрттің себебі - ашық от көзі», - дейді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, 6 сәуір күні сағат 19:50-де Наурызбай ауданында да құрғақ шөп өртенген.
«Ғаламат» шағын ауданында тау бөктерінде қураған шөп өртеніп жатты. Техниканың кіруі қиын болуына байланысты өрт сөндірушілер оқиға орнына жаяу көтерілді. «Ермак» аспалы өрт сөндіргіштері, шанцты құралдар (шартылдақтар, күректер) пайдаланылды. Қолданылған шаралармен тұтану 20:28-де жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ведомствадан.
Департамент қала тұрғындары мен қонақтарын далада от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен орылған шөпті өртеуден бас тартуды сұрайды.
«Кінәлі адамдар әкімшілік, ал ауыр зардаптар туындаған жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады. 30 наурыздан бастап өрт сөндірушілер жалпы ауданы 8,5 мың шаршы метр болатын 25 өрт жағдайына шықты», - деп ескертеді ТЖД.
Еске салайық, Шығыс Қазақстанда сәуір айы басталғалы 6 дала өрті сөндірілді.