Алматыда Құрбан айт күндері қасапханалар қайда орналасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Құрбан айт мерекесі кезіндегі рұқсат етілген мал сою орындары белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда Құрбан айт күндері қасапханалар қайда орналасады

Алматы қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының хабарлауынша, «Құрбан айт» діни мерекесі кезінде (1-3 қыркүйек) құрбан шалу төмендегідей мекен-жайларда рұқсат етіледі.

Алатау ауданы: 1) «Бекет ата» мешіті (Шаңырақ-1 ш/а, Өтемісұлы к-сі, 18А),  2) «Әскер ата» мешіті (Айгерим-1 ш/а, Ленина к-сі, 18А), 3) «Мырзахмет» мешіті (Қарасу ш/а, Северное кольцо к-сі, 60), «Алғабас» мешіті (Алғабас ш/а,        Лермонтов к-сі,  2)

Әуезов ауданы: 1) «Таугүл» мешіті (Таугүл 3 ш/а, Центральная  к-сі, 9), «Сауран-ислам мәдениет орталығы» (ш/а 2, үй. 2А), «Таугүл» қайрымдылық мекемесі (Таугүл-3 ш/а, Центральная  к-сі, 1Б)

Бостандық ауданы: 1) «Нұр-Мүбарак» мешіті (Аль-Фараби к-сі, 73), «Орбита» мешіті (Орбита-3 ш/а, Мұстафин к-сі, 5Е),

 Жетісу ауданы: 1)  «Аль-Мадина»  мешіті  (Рабочий поселок ш/а, Федоров к-сі, 12), «Вайнах» мешіті (Əйтіков к-сі, 1),  «Ic-commersе» ЖШС мал сою орны (Полежаев к-сі, 93А)

Медеу ауданы: 1) «Фатима» мешіті  (Добролюбов   к-сі,  138), «Райымбек батыр» мешіті (Думан ы/а, Хан тәңірі к-сі, 1), «Алматы қаласының орталық мешіті» (Пушкин к-сі, 16), «Умар ибн Аль Хаттаб» мешіті (Горный гигант ы/а, Жуков к-сі, 36),  «Аманқұл ата» мешіті (Көк Төбе ш/а, Əзербаев к-сі, 1) 

  Наурызбай ауданы: 1) «Таусамалы» базар (Таусамалы ы/а, Конаев к-сі, 2), «ДИ» сауда орталығы жанындағы алаң (Жандосов к-сі, 2)

Түрксіб ауданы: 1) «Фирали» мешіті (Жарылғасов к-сі, 79), «Қайрат» мешіті (Қайрат ш/а,  Тəттімбетов  к-сі, 1/1)