Алматыда құрбандықтың құны қанша

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Құрбан айт мейрамына қызу дайындық жүріп жатыр. Қалада 6-7 мал базарынан басқа ауыл аймақтан тікелей әкелгендер де жол бойында шарбақ ішіне иіріп қойып саудасын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

Тұтынушылар арасында ашатұяқтылардың ішінен көбіне қойға сұраныс көп.

Бүгінде қала іргесіндегі Сұлтан базарында тоқтының құны - 15-25 мың теңге болса, 25-35 мың теңгеге қой алуға болады. Ірі қошқарлардың құны 40-50 мыңға дейін барады.

Құрбандық малына жататын ірі қара құны да жасына қарай 100-150 мыңнан 300 мыңға дейін бағаланып отыр. Сатушылар саудаласуға қарсы емес.

Сұлтан мал базарының саудагері Нұрлан Мәметқасымовтың айтуынша, таңертеңнен түске дейінгі аралықта шамамен 150-200 мал сатылған.

Базарда арнайы мал соятын, ішек-қарын тазалайтын орын бар. Тұрмыстық жағдайы келмейтін қалалықтардың біразы малды сол жерде сойғызып жатыр.

«Бүгін елдің көбі ішек (арапа) шалатын болғандықтан, көпшілігі үйлеріне тірілей алып кетіп жатыр. Ал ертең құрбандық шалатын кезде, көпшілігі осы жерде сойғызады. Тіпті, осы жерден сойғызып, осы жерде таратып жіберетін адамдар бар. Алайда, биыл сауда былтырғыға қарағанда баяу», - деді Нұрлан Мәметқасымов.

Оның айтуынша, сол себепті ертең құрбан айт кезінде де осы баға сақталады.

Дін саласы мамандары жағдайы келген әр бір мұсылман құрбандық шалуға міндетті екенін айтады. Мәселен 85 гр алтыны не болмаса осы алтынға тең ақшасы бар адам құрбандық шалуы керек. Ал қарызы көп, жағдайы жоқ жандардың құрбандық шалуы міндет емес.

Ал қала билігі азаматтарға малды кез-келген жерде соймай, арнайы бекітілген орындарға апарып союды ескертіп отыр.

Қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы «Құрбан айт» мерекесі кезінде құрбан шалуға рұқсат етілген орындардың тізімін жариялады.

Алатау ауданы бойынша: 1) «Бекет ата» мешіті (Шаңырақ-1 ықшам ауданы), 2) «Әскер ата» мешіті (Айгерім-1 ы/а), 3) «Мырзахмет» мешіті (Қарасу ы/а), «Алғабас» мешіті (Алғабас ы/а)

Әуезов ауданы бойынша: 1) «Таугүл» мешіті (Таугүл-3 ы/а), «Сауран-ислам мәдениет орталығы», «Таугүл» қайрымдылық мекемесі (Таугул-3 ы/а)

Бостандық ауданы бойынша: 1) «Нұр-мүбарак» мешіті (Аль Фараби к-сі, 73), «Орбита» мешіті (Орбита-3 ы/а, Мустафин к-сі, 5Е),

Жетісу ауданы: 1) «Әл-Мәдина» мешіті (Рабочий кенті ы/а, Федоров к-сі, 12), «Вайнах» мешіті (Айтықов к-сі, 1), «Ic-commersе» ЖШС мал сою орыны (Полежаев к-сі, 93А)

Медеу ауданы: 1) «Фатима» мешіті (Добролюбов к-сі, 138), «Райымбек батыр» мешіті (Думан ы/а, Хан тәңірі к-сі, 1), «Алматы қаласының орталық мешіті» (Пушкин к-сі, 16), «Умар ибн әл Хаттаб» мешіті (Горный гигант ы/а, Жуков к-сі, 36), «Аманқұл ата» мешіті (мкр. Көк Төбе, Әзербаев к-сі, 1)

Наурызбай ауданы: 1) «Тау самалы» базар (Таусамалы ы/а, Қонаев к-сі, 2), «ДИ» сауда орталығы жанындағы алаң (Жандосов к-сі, 2)

Түрксіб ауданы: 1) «Фирали» мешіті (Жарылғасов к-сі, 79), «Қайрат» мешіті (Кайрат ы/а, Тәттімбет к-сі, 1/1).

Соңғы жаңалықтар