Алматыда Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория өнер шеберлерінің мерекелік Гала-концерті өтеді
АЛМАТЫ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда наурыздың 28-і күні Республика Сарайында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы өнер шеберлерінің мерекелік Гала-концерті болады.
Концертке аталмыш оқу орнының студенттік симфониялық оркестрі, хоры, халық аспаптар оркестрі, үрмелі оркестрі, домбырашылар, скрипкашылар ансамблі, пианистер квинтеті, «Аңсар» тенорлар квинтеті, «Тұран» фольклорлы-этнографиялық ансамблі өнер көрсететін болады. Шара ҚР халық әртісі, оқу орданың басшысы Жәния Әубәкірованың жетекшілігімен өтеді.
Концерттің басталуы сағат 19:00-де.