Алматыда құрылған 100-қазақ жеке атқыштар бригадасынан 35 майдангер ғана қалды - Сұлтан Жиенбаев

АЛМАТЫ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Биыл 100-жеке қазақ атқыштар бригадасының есімі аңызға айналған батыр қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 90 жыл толады.
None
None

Сұлтан Жиенбаев бүгін Алматыда 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағындағы Мәңгілік алау түбінде майдандас достарын еске алу кезінде осылай айтты.

«Шығыстың қос жұлдызы атанған Мәншүк Мәметова 100-қазақ жеке атқыштар бригадасы құрамында майданған медбике боп аттанған болатын. Оны алғаш рет бізді «қызыл» вагонмен соғысқа шығарып салар кезде көрдім. Темір жол бекетінде егде жастағы медибкелермен бірге тұр екен.  Олардың сен әлі жассың ғой деген сұрағына өзінің соғыстан қорықпайтынын айтып, өжет мінезімен бірден көзге түсті», - дейді С.Жиенбаев. Оның айтуынша, Мәншүк пулемет ротасына ауыспай тұрып-ақ өзінің ерлігін өзгелеге мойындата алды. Ұрыста жараланған жауынгерлерге көмек көрсетіп, олардың бірін арқалап, бірін  майдан даласынан алып шығып жүрген оның қаһармандығына көрген жаның бәрі қайран қалатын. Шағын ғана қазақ қызының алпамсадай азаматтарды жау оғынының астынан алып шығып, өмірін сақтап қалуға жанталасып жүргенін көріп, өзгелер одан өз бойына күш-қуат алатын.

«Невель майданында 1943 жылы 16 қазанда Псков облысындағы Изоча стансасы түбіндегі 173,7 метрлік біиіктікті бағындыру кезінде ол өз пулеметімен дұшпанды қоғадай жапырып, бас көтертпей қойды. Оны жалаң қолмен ала алмайтынына көзі әбден жеткен соң олар батыр қызды зеңбірекпе атқылады. Дәлдеп атылған снаряд оғының жарықшағы жас қыздың өмірін қыршын етті. Алайда жау бәрібір оның бағындырған биіктігін қайтара алмай, сағы сынды. Қаһарман қызымызды ақтық сапарға өз қолыммен шығарып салдым», - дейді С. Сүлейменұлы. Мәншүк жерленген жерден ешқашан гүл арылмайтын өзі көзімен көрген майдангердің  сөзіне қарағанда, невельдіктер батыр қызымыздың ерлігін әлі ұмытқан жоқ. «Алматыда құрылған 100-қазақтың жеке  атқыштар бригадасындағы 5 мың майдангердің 80 пайызы майдан даласында қалды. Республика бойынша қазір олардан 35 адам ғана қалды. Олардың 12-сі  Алматыда тұрады. Бүгінгі таңда Ржевте 100-қазақтың жеке атқыштар бригадасы мен Ақтөбеде құрылған 101-қазақ атқыштар бригасына қойылған ескерткіш бар», дейді майдангер.

Соңғы жаңалықтар