Алматыда құрылыс алаңында топырақ опырылып, 1 адам жарақат алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда базар маңындағы құрылыс алаңында топырақ опырылып, 1 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға «Абай» және «Алтынсарин» көшелерінің қиылысындағы «Сары-Арқа» базарында болған.

Куәгерлер таратқан видеода тұрғын үй құрылысы басында қазылған шұңқырдың шеті опырылып кеткені анық байқалады.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқыс оқиғадан бір адам жапа шекті.

Ол шұғыл түрде 4 ауруханаға жеткізілді.

«Дәрігерлердің қарауынан соң пациент невропатологтен амбулаториялық ем алуға үйіне шығарылды. Оның беті мен басы жараланған, миы шайқалған», - деді басқармадан.


Соңғы жаңалықтар