Алматыда құрылыс базары өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Наурызбай ауданында орналасқан құрылыс базарларының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
None
None

Тілсіз жау базар басшылығы отыратын бөлме мен жапсарлас орналасқан асхананы шарпыған. Кейін ғимарат қасында тұрған жеңіл көлік те отқа оранған. Қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 бригадасы келіп, сағат 11-ге таман тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді. Әзірге қанша аумақтың отқа оранғанын айту мүмкін емес. Жапа шеккендер мен қаза болғандар жайлы да ақпарат жоқ. Өрттің неден тұтанғаны анықталуда. Қалалық ТЖД баспасөз қызметі толық ақпаратты 2 қыркүйекте жарияламақ.

Соңғы жаңалықтар