Алматыда құрылыс базарынан өрт шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Бақорда» сауда үйінде бутиктер өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда құрылыс базарынан өрт шықты

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше сауда бутиктерінде 80 шаршы метр жер өртенді.

«Бүгін сағат 13:56-да Алатау ауданы, Ырысты көшесі, 46/2А мекен жайы бойынша құрылыс бөлшектерін сататын сауда бутиктерінде ауданы 80 шаршы метр өрт шықты. Ол 5 минуттың ішінде ауыздықталып, сағат 14:25-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қабылданған жедел шаралар өрттің «Бақорда» сауда үйіне таралуына жол бермеді»,- деп хабарлады қалалық ТЖД-да.


Болған өрттің видеосы желіде тарады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы маңында көлік жуу орталығы өртеніп, 2 адам реанимацияға түскен болатын.
Сондай-ақ, Алматыда жыл басынан бері тұрғын үй секторында 325 рет өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.