Алматыда құрылыс нысандарына мониторинг жүргізудің интерактивті картасы жасалады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда құрылыс нысандарына мониторинг жүргізудің интерактивті картасы жасалады. Бұл ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес интернет-ресурс геопортал базасында әзірленетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, интерактивті режимде көппәтерлі тұрғын үй кешендері мен жеке тұрғын үй құрылыстары туралы ақпарат алуға болады.

Қазіргі кезде интерактивті картаны әзірлеу үшін 94 көппәтерлі тұрғын үй кешені бойынша ақпарат жинақталды.

Базада мына мәліметтер болады:

– жобаның атауы;

– құрылыс нысанының түрі, көппәтерлі тұрғын кешенінің немесе жеке үйдің құрылысы;

– кадастрлық нөмірі;

– келісілген эскиздік жобалар туралы мәлімет;

– АЖТ алғандығы туралы мәлімет;

– құрылысты салушының атауы;

– құрылыстың басталғаны және қашан іске қосылатыны туралы мәлімет;

– автолық/техникалық қадағалау;

– нысанның қай аймақта орналасқаны туралы мәлімет;

– қаржыландыру көзі;

– қанша қабат;

– салынатын алаңы м2;

– ғимарат саны;

– пәтер саны;

– құрылыстың барысы туралы фотосуреттер.

Бүгінде интерактивті картаны толтыру үшін жеке тұрғын үй құрылысы туралы ақпарат жиналуда. Кейін мәліметтер базасы ай сайын онлайн режимде жаңарып отыратын болады.

Басқарма интерактивті картаның интерфейсін реттеп, оларды тақырыптар бойынша қажетті мәліметтермен толтырды. Ақпаратты жеңіл әрі тез қабылдау үшін дизайны жасалып жатыр. Сондай-ақ барлық нысандардың «құрылыс паспорты» жасалып, оларды геопорталдан жүктеу мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Бұдан бөлек, құрылысқа мониторинг жүргізудің интерактивті картасы жасалды. Осының арқасында азаматтар мен девелоперлер құрылыс қарқынын мобильді құрылғылар және компьютерлер арқылы бақылай алады.

Қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыру үшін жобаларды басқару тетіктері енгізілуде. Файлдар мен жобалық құжаттамаларды бір орталықта сақтау үшін GantPro online-платформасы тестілік режимде жұмысын бастады. Жобалық тәсілді қолдану «проблемалық» объектілерді жедел анықтауға және шұғыл шараларды қолдануға көмектеседі.


Соңғы жаңалықтар