Алматыда құрылыс саласының үздіктері анықталды
АЛМАТЫ. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Алматыда құрылыс саласының үздіктері қала әкімінің «Құрмет» дипломы мен ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің арнайы төс белгілерімен марапатталды.
Оны қала әкімі Ахметжан Есімов Шолпан Ержанова, Құлпаш Дәулетбекова, Малик Сыздықов сияқты құрылыс саласының 8 үздігіне «Құрмет» грамотасын табыс етті. Ал ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Жауапты хатшысы Салауат Маханбетұлы Сәрсенбек Әбуов, Асқар Әділбаев, Керімқұл Есімбеков, Болат Сауранбаев секілді 9 азаматты «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төсбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ Қартайған Есенбаев, Нұрлыбай Имағамбетов, Ләйла Сапарғалиева тәрізді 5 азамат «Құрметі сәулетші» төс белгісінің иегері атанды. Салауат Дембайдың айтуынша, енді жақын арада ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің бастамасы бойынша «Құрметті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкері» төс белгісі пайда болмақ.