Алматыда құрылысшылар күні велошеру өтеді (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында велошерудің екінші кезеңі 14 тамыз, жексенбі күні ашылмақ. Дәстүрге айналған бұл велошеру құрылысшылар күніне арналатын болады.

Алматыда құрылысшылар күні велошеру өтеді (ФОТО)

Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, велошеру келесі бағыт бойынша өтпек: «Нұрлы Тау» БО-нан сағат 9:00-де басталып, 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында аяқталады.

Шеруге қатысушылар 10 шақырымдық қашықтықты жүріп өтеді. Жеңімпаздарға арасында бағалы сыйлықтар беріледі.

Еске сала кетсек, велошерудің алғашқы кезеңі 10 сәуірде басталып, 17 шілдеде аяқталған болатын. Бұл спорттық іс-шара «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай өткізіледі.

null null