Алматыда «Құрылысшылар» мен «5 000 теңге» фильмдерінің көрсетілімі болды

АЛМАТЫ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда «Құрылысшылар» және «5000 теңге» анимациялық фильмдерінің көрсетілімі өтті.
None
None

Олар Сорос-Қазақстан қорының «Жастар бастамасы» бағдарламасының жастар арасындағы қысқаметражды (ойындық, деректі, анимациялық) кино байқауының шеңберінде түсірілген болатын. Байқаудың мақсаты - кәсіпқой, сондай-ақ әуесқой кино түсіруші жастарға әлеуметтік мәселелерге деген өз көзқарасын білдіруге көмек көрсету және кейінгі ұрпақтың соларды шешудегі атқаратын рөлін айқындау.

«Байқауға 70-ке жуық сценарий келіп түсті, соның арасынан бағдарламаның Сараптамалық комитеті екеуін таңдап алды. Байқаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін бірнеше ай бойы сценарий авторлары өзінің шығармашылық жоспарларын жүзеге асырды. Әр картинаның бюджеті 10 000 АҚШ долларынан аспайтын соманы құрады»,- дейді Сорос-Қазақстан қорының «Жастар бастамасы» бағдарламасының үйлестірушісі Сәуле Мейірманова.

"Құрылысшылар" фильмі өтпелі кезеңдегі отбасының өмірі жайлы әңгімелейді. Біз бір шаңырақтың тағдыры арқылы мәдени деңгейі әртүрлі жандардың үй салу әрекетін арқау ете отырып, ғаламдану жағдайын көрсеткіміз келді", - дейді СерікӘбішев. Ал Глеб Пономаревтың айтуынша, «5000 теңге» анимациялық фильмі ақша оны пара ретінде пайдаланған кезде нені «сезінеді» деген сауалға жауап беруге тырысады. Сюжеттің барысында көрерменнің көз алдында 5 мыңдық қағаз ақшаның тұтастай өмірі бейнеленеді. Сапар алдында ол әдемі күйінде әрі шытырлап тұрады, алайда оның иелері бір-бірін ақша санау машинасындағы шытырлау жылдамдығымен алмастырып отырады. Және оның әрқайсысы қағаз ақшаның тағдырына өз таңбасын салып кетеді.

Соңғы жаңалықтар