Алматыда құрылыстың сейсмикалық тұрақтылығына қойылатын талаптар күшейеді - Ерболат Досаев
Алматы әкімімен кездесуге келген Жетісу ауданы тұрғындарының бірі барлық көпқабатты ғимараттарды Алматыдан Gate City-ге көшіруді ұсынды. Бұл сейсмикалық қауіптілікке және инфрақұрылымға түсетін жүктемеге қатысты.
Әкім Ерболат Досаев қалада ғимараттарың биіктігіне шектеу қойылғанын айтты.
«Өздеріңіз білесіздер, Алматыда жоғары сейсмикалықты ескере отырып, бүкіл посткеңестік кеңістікте арнайы стандарттар шығаратын және бізде құрылыс үшін арнайы техникалық шарттар беретін бірегей, жалғыз институт - ҚазҚСҒЗИ бар. Біз қазірдің өзінде ең сейсмикалық белсенді аймақтағы қаланың жоғарғы бөлігінде ғимараттың қабаттылығын шектедік, олар 9 қабаттан аспайтын болады. Бұл мәселелердің барлығы өздеріңізбен бірге талқылаған Бас жоспар жобасында да ескерілген Жоба бекітілген кезде мәселенің бәрі анықталады»,- деді қала басшысы.
Сонымен қатар ол кеше Мемлекет басшысы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң арқылы құрылыс пен жер сілкінісіне төзімділікке байланысты талаптарды күшейтетін тәсілді мақұлдағанын жеткізді.
«Көктемгі мәслихат сессияда бұл жұмысты бастаймыз деп үміттенемін, мәслихат депутаттары бізді қолдайды және бізде қаланың өзі стандарттарға қатысты ерекше жайттарды бақылайтын болады. Тиісті нормалар енгізіледі және күзден бастап қолданылады деп үміттенемін. G4 дамиды және қала оған көмектеседі. Мен, шын мәнінде, ақылға қонымды құрылысты қалаймын, алайда қала өсіп келеді, миграция барған сайын артуда»,- дейді Ерболат Досаев.