10:34, 27 Сәуір 2023 | GMT +5
Алматыда құрылысы аяқталмаған 2 көпқабатты үй бұзылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының «Зерделі» шағын ауданында салынып бітпеген 2 көпқабатты үй бұзылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың маусым айына дейін «Зерделі» шағын ауданындағы 30 үйдің қалған 2-ін нығайту және түзету жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар, 2022 жылдың желтоқсан айында құрылысы аяқталмаған 2 үй бұзылды. Ол жерде сквер болады»,- деді шаһар басшысы.
Бұған дейін Ерболат Досаев 2 көпқабатты үйді бұзу туралы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ қорытындысы барын айтқан болатын.
Еске салайық, 2019 жылы 11 желтоқсан күні Алатау ауданындағы «Зерделі» шағын ауданының тұрғындары үйлерінің қисайғанын айтып, дабыл қаққан болатын.