Алматыда құрылысы аяқталмаған 99 тұрғын үй кешені бар

АЛМАТЫ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталмаған 99 тұрғын үй кешені бар. Ал ондағы үлескерлердің саны 12640 адамды құрайды. Бұл бүгін Алматыда Премьер-Министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен құрылыс саласындағы мәселелерді талқылауға арналған мәжілісте айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Алматыда бұрын құрылысы аяқталмаған 126 тұрғын үй кешені мен 15 600 үлескер бар еді. Қазіргі таңда тұрғын үй кешендерінің саны 99-ға дейін, ал ондағы үлескердің саны 12640-қа дейін азайып отыр. 8462 пәтерлі 30 тұрғын үй кешенінде бірде-бір үлескер жоқ. Жұмыс комиссиясының отырысына біз сондай-ақ, 69 үлескері бар 5 тұрғын үй кешенін қарауды ұсынамыз. Қазір ондағы үлескерлерге қаржысын қайтарып беру туралы құрылыс компанияларымен жұмыс жасап жатырмыз. Өйткені ондағы жұмыстар біреуінде 30 пайызға, ал кейбірінде 7-15 пайызға ғана жүргізілген», дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сергей Долженков. Премьер-Министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің пайымдауынша, егер бұл үлескерлер үйлердің салынғанын күтем және мердігерлерге шағымым жоқ десе, оны заңдық тұрғыдан рәсімдеу керек. Ал 12 571 үлескері бар 63 тұрғын үй кешенін қаржыландыру алдағы уақытта әртүрлі бағдарламалар бойынша одан ары жалғастырылады.
Соңғы жаңалықтар