Алматыда күшті жер сілкінісі болмайды

АЛМАТЫ. 3 мамыр.ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда жақын күндері қатты жер сілкінісі болмайды. Бұл туралы Сейсмология институының мамандары хабарлады.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, мамырдың 1-і күні Алматыда бірнеше мәрте жер сілкінісі сезілген болатын. Оның алғашқысы таңғы 8.31-де тіркелген еді. Бұның артынан алматылықтар арасында қуаты 9-12 балға дейін жер сілкінісі болады деген жалған ақпарат тарап, халықтың көпшілігі көшеге шығып кетті. Бұнымен қатар үрейлі әңгімелер тарауы салдарынан Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен сейсмология институтының басшылары түнгі сағат 24.00-де Алматы телеарнасы арқылы тікелей эфирге шығып, еш қауіптің жоқтығын түсіндіруге мәжбүр болды. Сейсмология институының директоры Таңатқан Абақановтың айтуынша, алдағы уақытта қуатты жер сілкінісінен қауіптенуге негіз жоқ.

Соңғы жаңалықтар