Алматыда құтқарушылар арасында шағын футбол турнирі өтті

АЛМАТЫ. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Конституция күніне орай  «Алматы құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметкерлері шағын футбол турнирін  өткізді.

Алматыда құтқарушылар арасында шағын футбол турнирі өтті

7 команда қатысқан бұл жарыста апаттан-құтқару отрядының бірінші командасы жеңімпаз атанды. Ал 2-3 орынды автошаруашылық пен апаттан-құтқару отрядының екінші командасы өзара бөлісті.  Сондай-ақ апаттан-құтқару отрядының мүшесі Қайсар Мыңжасаров «турнирдің үздік ойыншысы» атанды.  Ал оның әріптесі Жасұлан Бұғыбаев «үздік қақпашы» деп танылды.