13:43, 29 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Алматыда құтқарушылар өртенген көлік жөндеу орнындағы баллон жарылысының алдын алды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Мұратбаев және Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан көлікке техникалық қызмет көрсету орынындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұған дейін 29 желтоқсан сағат 10:55-те «101» пультіне Алмалы ауданы, Мұратбаев көшесі, 203 мекенжайында орналасқан көлікке қызмет көрсету орнының өртке оранғаны туралы қоңырау түскені хабарланған еді.
«Алғашқы өрт сөндіру машиналары 7 минуттан кейін, 11:02-де айтылған жерге жетті. Өрт сөндірушілер алынған ақпаратты растады.
11:16-да толықтай ауыздықталды. Өрт сөндіру барысында 25 литрлік газ баллоны шығарылды. Өрт салдарынан 2 автокөлік тұтас жанып кетті. От жалыны 8 автокөлікті шарпыды», - деп хабарлады қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өрт аумағы 200 шаршы метрді құраған.