Алматыда күйші, ұстаз Сәнен Әжиеваның 80 жылдық мерей тойы өтеді

АЛМАТЫ. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда қазан айының 4-інде Ғалымдар үйінде  ҚР-ның мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер, танымал күйші, ұстаз Сәнен Әжиеваның 80 жылдық мерей тойына  орай кеш өтеді,

Алматыда күйші, ұстаз Сәнен Әжиеваның 80 жылдық мерей тойы өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Сәнен Әжиева - қазақ қыздарының арасынан шыққан кәсіптік деңгейдегі алғашқы домбырашы қыз. Үрімдей ерекше қабілетін ескерген сол кездегі қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі Ахмет Қуанұлы Жұбанов оны оркестрдің құрамына қабылдаған. Сөйтіп, жиырмаға толған қыз қазақ күйлерінің құдыретін тек республика көлемінде емес, әлемдік деңгейде танытуға ат салыса бастаған. Ол бала күнінен әкесінің жолын қуып, қолына домбыра алып, күй құдыретіне табынып өскен.

Бүгінде Сәнен апаның шәкірттері тек республика көлемінде ғане емес, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан республикаларында да көптеп саналады. Шәкірттерінің ішінде өз ықыластарын күй тілінде бейнелегендері бар. Мысалы, Сәнен апаға арнап Рахат Мәдіреев «Сәнен», Бөрі Исаев «Ұстазым» атты күй шығарған.

Сәнен Әжиева 1929 жылы Ақтөбе облысының Байғанин ауданында дүниеге келген. 1946 жылы қазақтың Құрманғазы атындағы консерваторияға оқуға түсіп, 1951 жылы күйші Қали Жантілеуовтың домбыра класын бітіріп шыққан. 1958-1984 жылдар аралығында, ширек ғасырға жуық Шымкент музыка училищесінің директоры болып қызмет атқарған.