Алматыда «Күз - 2009» сурет көрмесі ашылды

АЛМАТЫ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін   Алматы қаласы тарихының мұражайында «Күз - 2009» сурет көрмесі ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  «Көрме біздің ару қаламызға, оның тарихына, болашағына арналған.  Әдетте Алматы күз маусымы күшіне енген кезде түрлі-түсті, ашық-сары, жасыл, нәзік күлгін түстерге қанық ажарлы қала болып кетеді. Бұл мезгілдегі табиғат суретшінің қиялын жандандыра түседі, оған шабыт береді. «Нағыз суретші - табиғат» дегенмен де бүгін суретшілердің басын қосып, салынған суреттерді бағалап, тамашалауға тағы бір мүмкіндік туды», деді көрмені ұйымдастырушы, «Пятница» сурет студиясының суретшісі Максим Шведцов. Оның айтуынша,  көрмеге 30-дан аса суретшінің туындылары қойылған. Ал жобаға күз тақырыбындағы  соңғы 2 айда салынған шығармалар қабылданған.

 Көрме қараша айының соңына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар