Алматыда КВИ жұқтырған 3527 науқас телемедицина орталығының бақылауында

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3527 науқас телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауына алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда КВИ жұқтырған 3527 науқас телемедицина орталығының бақылауында

Алматы қаласында телемедицина орталығының қызметкерлері коронавирус жұқтырған және ауырған 3 мыңнан астам науқасқа қашықтан кеңес береді әрі күн сайын мониторинг жүргізеді.

Бүгінде орталық дәрігерлері 3527 науқас пен стационардан шыққан 49 пациентті бақылауға алды.

Күн сайын 2500-3000 кіріс және шығыс қоңырау байланыстары қаралады.

«Біз МСАК ұйымдарының қызметкерлерімен жүргізген офлайн кеңестен соң телемедицина орталығы мамандары онлайн түрінде кеңес береді және үй карантиніндегі COVID-19-бен ауратын пациенттер бойынша мониторинг жүргіземіз. Емделуге жатқызуға көрсеткіштер болған кезде ТМО мобильді бригада немесе жедел жәрдем шақырады. Пациенттерді тиісті медициналық көмек көрсету үшін стационарларға жібереміз» - дейді ТМО басшының міндетін атқарушы Жұлдыз Бауыржанқызы.

Сонымен қатар, Алматы қаласының тұрғындарынан COVID-19 ауруына шалдыққандарға медициналық көмек көрсету мәселесі жөніндегі кіріс қоңыраулар түскен кезде, мамандар жедел қабылдап, тұрғынның тұратын аумақтылығы бойынша қала тұрғынына медициналық көмек көрсету үшін емханаға жібереді, сондай-ақ, вакцинация мәселесі бойынша кеңес береді.

Айта кетейік, телемедицина орталығы үйде ем қабылдап жатқан COVID-19-бен ауратын пациенттерге көмек көрсету мақсатында 2020 жылғы қыркүйек айында ашылған болатын.

Орталық пациенттерге, сондай-ақ, қауіп тобына кіретіндермен қашықтан бақылау мен консультация жүргізеді.

Телемедицина орталығына тәулік бойы мына телефонмен хабарласуға болады: 8 (727) 300 505, ұялы телефоннан - 1312.