Алматыда қылмыскерлер оғынан жараланған полиция лейтенанты көз жұмды

АЛМАТЫ. 31 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін шамамен сағат түнгі 1-де 4-ші қалалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде өткен сенбіде қызметін атқару барысында қаруланған қылмыскерлер жарақаттаған полиция лейтенанты Ерназ Қожахметов көз жұмды,
None
None

деп хабарлады Алматы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылғы 28 шілдеде Алматы қаласының Бекмаханов көшесінде полиция қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасалған болатын. Полиция аға лейтенанты Ержан Қайрақбаев сол жерде қаза тауып, ал басынан оқ тиген полиция лейтенанты Ерназ Кожахметов жарақаттанып ауруханаға жатқызылған еді.

Қожахметов Ерназ Жаманқараұлы, 1986 жылы 23 шілдеде туған, 2011 жылы Қазақстанның қарулы күштерінде қызмет атқарғаннан кейін Алматы қаласының ІІД Патрульді полиция полкінің 6 ротасына жұмысқа орналасты. Үйленбеген. Полиция қызметкері өзінің туған жері - Алматы облысы, Бақанас ауылына жерленеді.

Соңғы жаңалықтар