Алматыда қылмыстық жолмен табылған заңсыз кірісті заңдастыруға қарсы әрекет саласындағы семинар өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Transparency International ұйымының деректеріне қарағанда жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 2010 жылы әлемде 105-орын алды.
None
None

Бұл бүгін Алматыда қылмыстық жолмен табылған заңсыз кірісті заңдастыруға қарсы әрекет пен қаржылық қылмысты жою саласындағы семинарда айтылды. Шараны Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мен International Compliance Accociation (ІСА) халықаралық компаниясы бірлесіп ұйымдастырды. Мақсат - комплаенс саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және Манчестер бизнес мектебі университетмен бірлесіп ІСА International Diploma in Compliance халықаралық біліктілігін таныстыру.

International Compliance Accociation аймақтық директоры Екатерина Пустовалованың айтуынша, жемқорлықты қабылдау индексінде 2010 жылы бірінші орында Дания, Жаңа Зеландия, Сингапур болды. Ал Ұлыбритания -20, АҚШ - 22, Қытай - 78, Ресей - 154 сатыға табан тіреді. Ұлыбританиядағы парақорлық туралы заң биыл 1-шілдеден бастап күшіне енбек. Онда заң бұзушылықтың 4 түрі қарастырылған. Олар - пара беру, пара алу, шет елдердің мелекеттік қызметкерлерін сатып алу, коммерциялық ұйымдардың парақорлықты ауыздықтауға қабілетсіздігі. Заңда жеке тұлғалардың пара беру мен алуға байланысты заң бұзушылықтарына 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру және шектелмеген көлемде айыппұл салынады. Ал ІСА Басқарушы директоры Билл Ховарттың айтуынша, ICA - бүкіл әлемде мойындалған комплаенс-менеджерлерді біріктіретін жалғыз халықаралық ұйым. Мүшелерінің саны он мыңнан асып жығылады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум