Алматыда Қырғызстан азаматтары жасаған екі ауыр қылмыстың беті ашылды
АЛМАТЫ. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматы полицейлері Қырғызстан азаматтары жасаған екі ауыр қылмыстың бетін ашты.
22 жасар М. есімді бірінші қылмыскерді құрықтауға Екатеринборлық әріптестер көмектесті. Қылмыскер сол жақта жасырынбақ болған. «Жазда ол өз әйелін өлтірген еді. Қылмыс материалдары көрсеткендей, әйелімен ренжіскен ол пышақ сілтеген. Жұбайы сол жерде қайтыс болды. Іздеу нәтижелері жедел із кесушілер тобын Ресейге апарды. Қылмыскер бұған дейін де әділ соттан өз елінде жасырынбақ болған», деді Алматы қалалық ІІД Криминалдық қылмыс басқармасы бастығының орынбасары, полковник Вадим Стрельцов.
Тағы бір қашқын - 44 жасар Егор бостандығынан айырған орыннан қашып, 18 жыл бойы Қырғызстанның құқық қорғаушыларына ұстатпай келген. Оның Алматыға келгені жайлы жедел ақпарат алған бетте Алматы криминалдық полиция қызметкерлері толық арнайы операция жүргізді.
«Иелік қылмыс жасаған ол жазасын колонияда өтеп жүріп, 1992 жылы қашып кеткен. Осы уақытқа дейін ол жасырынумен келген. Ал жақында ол ұсталғанына қарамастан қайта қашып, Алматыға келіп, пәтер жалдап тұрған. Біз оны қысқа мерзім ішінде тауып, құрықтадық. Ол қазір ІІД-нің уақытша қамау изоляторында», дейді В. Стрельцов.
Жақын күндері әрі қарайғы шаралар үшін бірінші қылмыскер Қазақстанға экстрадацияланады. Ал екіншісі - Қырғызстанға тапсырылады.
Жыл басынан бері Алматы полицейлері іздеуде жүрген 500 қылмыскерді ұстады. Олардың ішінде 20-сы Қырғызстан аумағында қылмыс жасаған.