Алматыда «Қыс-2010» спорттық фестивалі өтеді
АЛМАТЫ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - 2010 жылғы қаңтардың 31-інде «Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған қалалық бағдарламасы» аясында Қырғауылды ауылының тау баурайында 21-ші дәстүрлі спорттық «Қыс-2010» фестивалі өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фестиваль барысында шаңғымен жарысу, тауға жалаң аяқ жүгіру, шанамен жарысу, шағын-футбол, арқан тартысы және халықтық-ұлттық ойындардан жарыс болады. Шараны ұйымдастырушы - Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, халықтық-ұлттық спорт түрлерінің клубы.