Алматыда Қысқы Азия ойындары Алау эстафетасының гимні, эстафета атрибуттары мен алаугерлер киімдерінің таныстырылымы өтеді

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ертең, 23 желтоқсан күні Алматыда 7-Қысқы Азия ойындары Алау эстафетасының әнұраны, эстафета атрибуттары мен алаугерлер киімдерінің таныстырылымы өтеді.

Алматыда Қысқы Азия ойындары Алау эстафетасының гимні, эстафета атрибуттары мен алаугерлер киімдерінің таныстырылымы өтеді

Бұл туралы Азия ойындары мен Алау эстафетасын өткізу жөніндегі Астана қалалық дирекциядан мәлім етті.

Журналистерге арналған баспасөз мәслихатында Астана қалалық дирекциясының басшылығы мен «Қазақстанның Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасының арасында серіктестік туралы келісімге қол қойылады. Осы келісімге сәйкес, елдің бас Банкі «Алау сақшысы» дәрежесін алатын болады.

Баспасөз мәслихатында эстафета кезінде Алауды банктің өңірлердегі филиалдарында сақтау шарттары туралы егжей-тегжейлі айтылатын болады. Сондай-ақ Алау эстафетасының гимні, эстафета атрибуттары мен алаугерлер киімдерінің таныстырылымы өтеді деп күтілуде.