Алматыда қысқы Азия ойындарын насихаттауға арналған акция ұйымдастырылды

АЛМАТЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ –Алматыдағы «Астана» алаңында «Көңілді старттан Азиадаға дейін» атты спорттық шара өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап. Жарыстарға Алматы қаласының орта мектептерінің оқушылары мен Алмалы ауданының салауатты өмір салтын ұстанып жүрген тұрғындары қатысты. Сайыс асық ату, арқан тартыс, тоғыз құмалақ, тағы басқа да спорт түрлерінен өтті. 2011 жылы елімізде өтетін Қысқы Азия ойындарын насихаттауға бағытталған шараны Алматы әкімдігі ұйымдастырып отыр. Сайыстың мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау. Жарыс нәтижелері бойынша жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар тапсырылды.
Соңғы жаңалықтар