Алматыда Қытайдың зергерлік бұйымдар жасау өнерінің көрмесі болады
АЛМАТЫ Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Жанар Шағалақова/ - Маусымның 25-і күні Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында «Қытайдың зергерлік жасау өнері» атты көрме ашылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен "Қазақстан халықтарының рухани даму қоры" АҚ бірігіп ұйымдастырып отыр.
Көрмеде алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарының назарына Қытай Халық Республикасында тұратын қазақ шеберлерінің қолынан жасалған, өзіндік қолтаңбасы бар зергерлік бұйымдар ұсынылады.
Көрме маусымның 29-на дейін жалғасады.