Алматыда қызмет көрсету кешенінің шатырынан шыққан жалын жекеменшік үйді шарпыды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы қаласында «Трезор» кешенінде екі қабатты ғимараттың шатыры өртеніп, от ұшқындары жанында тұрған жекеменшік үйге ауысты.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласының өрт сөндіру қызметінің 16 техникасы мен жеке құрамының 62 адамы жұмылдырылды. 650 шаршы метр аумақ отқа оранды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар