Алматыда Қызыл Ай қоғамы Жаңа жыл мерекесіне орай қайырымдылық акция өткізді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қызыл Ай қоғамы мен «Қазақстан - Корея» достық қоғамдарының бірігіп ұйымдастыруымен өткен акцияға Алматы қаласының 40-тан аса жағдайы төмен зейнеткерлер мен мүгедектер, әлеуметтік жағдайы нашар тұрғындар шақырылған. АҚШ-тың «Махаббат» атты республикалық қайырымдылық орталығының президенті Сара Баиктің демеушілігімен оларға қаламыздың ірі мейрамханасында жаңа жылдық дастархан жайылып, сыйлықтар табысталды.
«Өздеріңіз білетіндей, біз мұндай шараларды жыл бойы өткізіп тұрамыз. Бұл акция Корея, Америка, одан басқа да халықтар арасындағы халықтар достығын нығайтуға септігін тигізеді деп ойлаймын. Сондай-ақ негізгі мақсатымыз - қарт аналарымыз бен аталарымызға жаңа жыл алдында қуаныш сыйлау болып табылады», деді Қызыл Ай қоғамының төрайымы Дарико Хасанғалиева. Оның айтуынша, бүгінгі акцияға демеушілік көрсетіп отырған американың қайырымдылық орталығы бірнеше жылдан бері әр түрлі қайырымдылық акцияларды өткізіп тұруда қолдау көрсетіп келеді.