Алматыда «KZtimes» жаңа апталық ақпараттық газеті жарық көрді
АЛМАТЫ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Екатерина Ионова/ - Алматыда «KZtimes» жаңа апталық ақпараттық газеті жарық көрді. Газеттің алғашқы нөмірі сәуірдің 5-інде жарияланды.
Әзірше 5 мың данамен дүйсенбі күндері шығатын басылым Алматы қаласында тегін таратылады.
Басылымда әр өткен аптадағы өзекті әрі қызықты оқиғалар арқау болған өзіндік материалдармен қатар ақпараттық агенттіктердің, қазақстандық телеарналардың, сондай-ақ интернет желілердің материалдары да қоса берілген.