Алматыда лағманханадан өрт шықты: зардап шеккендер бар
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Масанчи 92 мекенжайы бойынша орналасқан лағманханадан өрт шықты. Төтенше жағдай салдарынан 1 әйел жеңіл дәрежеде көмір қышқыл газымен уланып, Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Айнұр Дүйсенованың айтуынша, өрт туралы хабарлама түскі 13:29-да түскен. Тілсіз жау 80 шаршы метрді жалмаған. Өрт 14:15-те өшірілді.
«Өртке қарсы қызмет өкілдерінің шұғыл әрекетінің арқасында жалынның жақын орналасқан 2 ғимаратты шарпуына жол берілмеді», - деді Айнұр Дүйсенова.