Алматыда Land Cruiser ағашқа соғылып, ер адам жарақаттанды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Land Cruiser Toyota автомобиліне қақтығысудан кейін ағашқа соғылды. Жеңіл машинаның жүргізушісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі оқиға орнынан.
Жол-көлік оқиғасы Саин көшесінің Юрий Ким көшесіне жанасқан аумағында болды. Джип Саиннан солтүстік бағытқа келе жатып, Шаляпин көшесіне бұрылу үшін оң қапталға шықпақ болған. Осы кезде Юрий Ким көшесінде тоқтап тұрған Toyota орнынан бірден қозғалып Саин көшесіне қарай оңға бұрылады.
Соқтығысу салдарынан Toyota машинасының жартысы жапырылып, ұшып кеткен, ал джип ағашқа соғылған. Toyota жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Апатқа кімнің айыпты екендігін полиция анықтайтын болады.


