Алматыда лаңкестіктің қырлары туралы алқалы жиын болады

АЛМАТЫ. 26 қараша. ҚазАқпарат/ - Алматыда 7 желтоқсан күні «Лаңкестік: әлеуметтік, психологиялық және діни аспектілер» деген тақырыпта «Темірқазық» ұлттық сарапшылар клубының мәжілісі болады.
None
None

Онда дінтанушы, теология докторы Мұхитдин Иса мен Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, психология ғылымының кандидаты Жарас Сейтнұрдың баяндамалары қоғамдық тыңдауға ұсынылады. Олар өз баяндамаларына мына мәселелерге айрықша көңіл бөлмек: Қазақстан қоғамында соңғы ұлттық қауіпсіздік пен мүддеге қайшы әрекеттердің белең алуына қоғамдық-ғылыми зерттеу мен танымдық деңгейлерін анықтау: қалыптасқан мемлекеттік идеологиялық ахуалдың жеткіліксіз тұстарын көрсету; ақпараттық кеңістіктегі түрлі сипатын ашу; қолданылар іс-шаралар мен амалдары.

Соңғы жаңалықтар