Алматыда «Лексус» пен «Субару» соғылып, 3 адам зардап шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Менделеев және Гурелев көшелерінің қиылысында «Субару форестер» мен «Лексус» көліктері соқтығысып,  3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Алматыда «Лексус» пен «Субару» соғылып, 3 адам зардап шекті

Куәгерлердің айтуынша, Субару көлігі Менделеев көшесімен батыстан, ал  «Лексус»  Гурелев көшесімен келе жатқан.  «Субару» жүргізушісі өткізу белгісін білдіретін жол белгісін елемей, «Лексуске» барып соғылған. Жол-көлік апатынан Лексус бір жағына ауып, төңкеріліп қалған. «Субару» көлігі екпінімен барып  жол шетінде тұрған «Ауди А-6» көлігіне соғылған.
nullnullnull

Жол апатынан 3 адам жапа шеккен. Олар жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.