Алматыда Лексус тұрғын үйдің қоршауына соғылып, аударылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүйіткіген Лексус көлігі үйдің қоршауын бұзып барып, тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол апаты Дулати көшесінің бойында экопосттан төмен тұста болған. Дулати көшесімен төмен түсіп келе жатқан Лексус жүргізушісі кенеттен рульге ие бола алмай қалып, жол үстінде оңды-солды айнала бастаған. Ақырында, жекеменшік тұрғын үйдің кірпіштен қаланған қоршауын бұзып, төңкерілген. Жүргізушінің қолы сынған, ол ауруханаға жатқызылды.
Полицейлер жол апатының мән-жайын анықтауда.